2016 жылғы 26 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбеклік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.